Алматы қаласындағы №4 қалалық емханаға Pfizer компаниясының COVID-19 қарсы "Комирнати" вакцинасының 60 дозасы жеткізілді, ол жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12 мен 18 жас арасындағы балаларға жасалады. Вакцинация 2 рет, бірінші дозадан кейін 21-28 күн аралығында жасалады. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 20 қазан 2021 жылғы №46 Қаулысына сәйкес осы вакцинаны ала алады:
- 12 жастағы және одан жоғары жасөспірімдер.
- Жүктіліктің 16 мен 37 аптасы аралығындағы жүкті әйелдер.
- Бала емізетін әйелдер - босанудан кейінгі кезең аяқталған соң (42 күннен кейін).