№4 Қалалық емханада ауруды басқару бағдарламасы енгізілген. Медицина қызметкерлері емделушілерді өз денсаулығына қатысты негізгі принциптерге, өз-өзіне көмек көрсетуге үйретеді. Бүгін профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі пациенттерімен кездесу өткізілді.
Мультидисциплинарлық топ мамандары - дәрігер У.Амиркенова, психологтар Ж.Палымбетова мен А.Мәдібекова, әлеуметтік қызметкер А.Әшірбай тұрғындарға ӨСОА, бронх демікпесі туралы айтып, барлық сұрақтарына жауап берді. Емханадағы "Бронх демікпесі және ӨСОА" денсаулық мектебі туралы мәлімет берілді, денсаулық мектебіне әрбір адам қатыса алады.
Кездесудің мақсаты - созылмалы аурулары бар науқастарда аурудың белгілерін басқаруға, ауру өршуін, асқынуын төмендету үшін өмір салтын өзгертуге, стационарлық және жедел медициналық көмектің қажеттігін анықтай білуге үйрету. Ауруды басқару бағдарламасы - созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу және қарсы күресу мәселелерін шешуде, науқастың өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті көтеруде аса маңызды өзгерістер.