Пациент Л., 10 жыл бойы жауырын аймағында жұмсақ тіндердің ісігі патологиясымен жүрген. Диагнозы: жауырын аймағындағы липома. Басқа емханадан Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың Амбулаториялық хирургия орталығына жолданған. Ісіктің көлемі 25 x 30 x 10 см. Жергілікті анестезия арқылы ісікті алып тастады. Өлшеген кезде ісіктің салмағы 1 кг 520 гр болды. Операция табысты өтті. Жараны таңу тіркелген емханада жүргізіледі. Операцияны Амбулаториялық хирургия орталығының меңгерушісі, жоғары санатты хирург дәрігер Р.Б.Калымбетов пен жоғары санатты хирург дәрігер Л.К.Кудеринова жасады.