РОбыр әлемде болатын өлім жағдайларының басты себептерінің бірі (13%) болып табылады, және Қазақстан да оның ішінде бар. «Сапа айлығы» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да 2016 жылғы 09 желтоқсанда онкологиялық аурулардың алдын алу....
Обыр әлемде болатын өлім жағдайларының басты себептерінің бірі (13%) болып табылады, және Қазақстан да оның ішінде бар.
«Сапа айлығы» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да 2016 жылғы 09 желтоқсанда онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету үшін Ашық есік күні өткізілді. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ онкология кафедрасының мамандары профессор У.К.Жұмашев, доцент Г.С.Игісінова, ассистент Ж.А.Аманғалиев шақырылды, сондай-ақ №4 Қалалық емхананың мамандары онколог дәрігер А.И. Сумазова, маммолог дәрігер М.Я. Баратов қатысты. Пациенттер бұл мамандардың консультацияларын алды. 97 адам қаралды, пациенттерді деңгейлері бойынша онкологиялық скрининг бағыты мен алгоритміне сәйкес әрі қарай емдеу ұсынылды. Тексерулерден өткен пациенттер өткізілген шара үшін және жақсы қарым-қатынаспен қарап, ілтипаттылық танытқаны үшін емханаға, профессорларға және мамандарға ауызша және жазбаша өз алғыстарын айтты.