Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың шаруашылық бикесі Нургуль Тугамбаева: "Менің емханам - менің екінші жанұям, екінші үйім және менің достарым!"
Нұргүл Уркембаевна №4 ҚЕ 10 жылдан аса еңбек етеді. Құрамына 22 санитарка, электрик, аула сыпырушы, плотник, гардероб қызметкерлері кіретін Шаруашылық бөлімінің үйлестірушісі.
"Барлық жерде тәртіп болғанын қалаймын. Жұмыс нақты, уақытында орындалуы тиіс, жұмысқа жауапкершілікпен қараймын. Жұмыстың бәріне үлгеру үшін уақытымды дұрыс пайдалануға тырысамын, емхананың екі ғимаратына жауап беремін. Эпидемиолог маман және инфекциялық бақылау мейірбикесімен бірге бөлмелерді қарап санитариялық-гигиеналық норманың сақталуын қадағалаймыз, сонымен қатар құралдардың инвентарлық белгілерін қараймын, кіші медицина қызметкерлеріне қажетті нұсқаулар жүргіземін, мүліктердің жағдайын бағалауға қатысамын".
Нұргүл Уркембаевна қарапайым, ақкөңіл жан, әрқашан көмектесуге дайын. Әріптестері ол туралы "Жауапкершілікті, ұқыпты, тіл табысып, ұжыммен жұмыс істей біледі",- дейді.
Нұргүл Уркембаевна, Сізге денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!