Тренинг "Өнеге отбасынан басталады" "Жас ұрпақ" жастар орталығының психологы Палымбетова Жанат Әмірбекқызы №40 жалпы білім беретін мектептің психологы Еспенбетова Индира Иранқызымен бірге "Өнеге отбасынан басталады" атты тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата-ана арасындағы бірлікті нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.