Құрметті Алматы қаласы №4 Қалалық емханасына тіркелген тұрғындар! Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысын жақсарту мақсатымен Сіздерге ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен танысуды ұсынамыз.
Сонымен, ҚР ДСМ 29 тамыз 2017 жылғы №666 "Амбулаторлық деңгейде азаматтарды, оның ішінде анықталған аурулары (жағдайлары) бар азаматтардың кейбір санаттарын тегін және (немесе) жеңілдік дәрі-дәрмекпен, медициналық бұйымдармен және спецификалық емдік өнімдермен кепілдемелі тегін медициналық көмек көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек пен медицинаға арналған бұйымдардың Тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес диспансерлік есепте тұрған пациенттер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Құрметті пациенттер! Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы дәріханаға хабарласыңыздар: 242 56 34