Алматы қаласы №4 ҚЕ " Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығы өз жұмысын бастады. Орталық БМСК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, жастар мен жасөспірімдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді.
Жастар денсаулық орталығының негізгі мақсаты - денсаулықты сақтау, жоғары білікті медициналық-психоәлеуметтік және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы 10-нан 28 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтендіру бойынша қолайлы жағдайды қамтамасыз ету. Орталықта келесі мамандар жұмыс істейді: гинеколог, педиатр, психолог, дерматолог, уролог, СӨС дәрігері, заңгер.
Жоғары санатты педиатр дәрігер Лаубаева Гүлнұр Сансызбекқызы балалар ауруларына диагноз қояды және ем жүргізеді. Дерматолог дәрігер Жумадилова Гулнар Жумагалиевна тері ауруларына диагноз қояды және ем жүргізеді.