Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың психологы Жулдызай Жумадиллаева С.Демирель атындағы «Мектеп-интернат-колледж» мекемесінің оқушыларымен «Менің қолымнан келеді» атты семинар тренинг өткізді.
Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың психологы Жулдызай Жумадиллаева С.Демирель атындағы «Мектеп-интернат-колледж» мекемесінің оқушыларымен «Менің қолымнан келеді» атты семинар тренинг өткізді.
Семинардың мақсаты – ұжымды біріктіру, топ мүшелерінің бір-бірін жақсы тануына көмектесу, әріптестер арасындағы жарыс арқылы біріктіру, белсенді қарым қатынас жасау, әріптес ретінде көңіл бөлу дағдысын қалыптастыру.
Оқушылардың барлығы «Сөйлейтін сағат» жаттығуы мен ойынға қатысты, ойын сынып оқушыларының ынтымағы мен өзара көмек көрсетуге бағытталған. Семинар соңында сауалнама жүргізілді, семинарға қатысушылар ұжымда өзін қалай ұстау керек, қолайлы психологиялық орта құру, жеке тұлға арасындағы кедергіні жеңу, коммуникативті дағдыны дамыту туралы білді. Сонымен қатар семинарда мейірбике Жанар Ешназарова қатысып, саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі ережелері туралы айтты.