№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Менің мамандығым - өз қалауыммен таңдалған мамандық!

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың Амбулаториялық хирургия орталығының меңгерушісі, жоғары санатты хирург дәрігер Калымбетов Рахманберді Бегалиевичті ұсынамыз. С.Ж.Асфендияров атындағы Алматы медицина институтын бітірген. Әр жылдары С.Ж.Асфендияров ат.медицина институтының онкология кафедрасында клиникалық ординатурада оқыды, білімін жетілдіру циклдарынан өткен: АМДБЖИ "Кеуде клеткасы және қрсақ қуысы органдарының шұғыл хирургиясы", А.Н.Сызғаныо от.ҒХО "Құрсақ қуысы және кіші жамбас органдарына лапароскопиялық операциялар", оның ішінде С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ "Жалпы хирургия", ҚРМУ «Эндовидеохирургия» циклы бойынша, ҚазҮБМУ "Құрсақ қуысы органдарының хирургиясы" циклы бойынша. Рахманберді Бегалиевич ургентті және жоспарлы операциялар, оның ішінде лапароскопиялық операцияның барлық түрлерін меңгерген. 1 монография, 1 әдістемелік құрал, 26 ғылыми мақала мен тезистердің авторы. 2003 жылы "Тік ішектің қатерлі ісігінің рецидивтеріне диагностика қою және емдеу әдістерін жетілдіру" тақырыбында медицина ғылымының кандидаттығына диссертация қорғаған.
"Менің әкем хирург болған, бөлім басқарды, бүкіл өмірін медицинаға, адам өмірін сақтауға арнады. Ол маған үлгі! Бала кезден оның әрбір пациент үшін уайымдағанын, өз жұмысына жауапкершілікпен қарағанын көріп өстік. Менің бауырым да әкеміздің жолын қуған, қазір Шымкент қаласында ЖМКА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Қызым да педиатр дәрігер мамандығын оқып жатыр. Туыстарымыздың да көпшілігі медицина саласын таңдаған. Бұл біздің отбасылық таңадуымыз деуге де болады. Хирург болу - оңай емес. Ең алдымен баспен ойлау керек, содан кейін қол жұмыс атқарады. "Жеті рет өлшеп, бір рет кес" дегендей. Хирург болу деген мұқият болу, білімің жетік, әртүрлі операциялар жасау тәсілдерін меңгеру керек деген сөз. Қымбат уақытты жоғалтпай науқасқа дәл қазір операция жаусау керектігін баспен ойлап, талдау жасап, салмақтап, ең дұрыс шешім қабылдау маңызды. Әрі өз шешімің үшін жауапкершілік аласың, себебі пациенттің денсаулығы мен өмірі сенің қолыңда. Менің мамандығым - өз қалауыммен таңдалған мамандық! Өз жұмысымды жақсы көремін! Адамдарды құтқару, оларға көмек көрсетуге деген ықыласым күшті! Жұмыс физикалық та, эмоциялық жағынан да қиын! Мен үшін пациенттердің сауығып кетуінен асқан қуаныш жоқ! Біздің орталықта БМСК деңгейінде пациенттерге әртүрлі операциялар жасаймыз. Бізде хирург, травматолог, отоларинголог, окулист, уролог, маммолог, онколог, стоматолог, ФЭГДС дәрігерлері жұмыс істейді», - дейді Рахманберді Бегалиевич.
Бос уақытты қалай өткізесіз деген сұраққа Рахманберді Бегалиевич былай деп жауап берді: "Бос уақытымда белсенді демалғанды ұнатамын: табиғатқа шығамын, велосипед тебемін. Әсіресе бақша жұмысын істегенде рахаттанамын. Шын ынтаңмен жұмыс істесең, өнім де мол болады. Қандай көңіл-күймен жұмыс істегеніңді жер де сезеді. Бақша салу - медитация сияқты. Жаңа өсімдік отырғызып, суару арқылы жаңа өмір пайда болады. Адам мен табиғаттың байланысы тығыз. Өз еңбегімнің нәтижесін көріп демаламын, риза боламын".
Құрметті Рахманберді Бегалиевич! Сізге зор денсаулық және амандық тілейміз! Сіздің өміріңізде қуанышты сәттер көп болсын және пациенттердің алғыстары сіз үшін ең жақсы марапат болсын! Еңбегіңіз жана берсін!

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96