Мейірбике мамандығы жан-тәнімен беріліп істеуді талап етеді. Бұл физикалық, адамгершілік жүктемелер, әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан мейірбике жұмысына кез-келген адам шыдамайды, адамдарға көмектесу, ең қымбат нәрсе - денсаулық сыйлауды маңызды деп санайтын адамдар ғана қалады. Мейірбикелер - медицинадағы маңызды звено. Біздің емханада өз ісінің мамандары жұмыс істейді. Солардың бірі - процедура бөлмесінің мейірбикесі Гаухар Докторханқызы Зоржанова.
"Мейірбике болып, медицина саласында жұмыс істеу - бұл менің бала кезден арманым! Мен арманымның орындалғанына бақыттымын. Менің анам да мейірбике, мен бала кезімде оның жұмысына жиі баратын едім. Жұмысы қиын екенін білемін. Дегенмен пациенттердің денсаулықтары жақсарғанын айтып медицина қызметкерлеріне алғыс білдіргендерінің куәсі болдым. Тіпті ауыруынан айығып, жағдайы жақсарғанына қуанған көз жастарын да көрдім. Сол кезде-ақ мен адамдарға пайдамды тигізіп, көмектескім келетінін түсіндім. Үйде біреу ауырып қалған кезде де өскенде оларды емдеп, укол саламын деген сенімділік болды. Осылай мен Жетісай медициналық колледжін бітіріп, өз арманымды жүзеге асырдым. Мен бақыттымын. Бұл менің ықыласым!", - дейді Гаухар Докторханқызы.
Біздің кейіпкеріміз мектеп мейірбикесі болып та жұмыс атқарды. Ол осы кезеңді жылы лебізбен есіне алады.
"Мен балаларды жақсы көремін! Олармен сөйлесу, пікірлерін тыңдау мен үшін бақыт. Мекепте біз әртүрлі семинарлар мен дәрістер өткіздік, балаларды үйреттік, оларға білім беруде өз үлесімді қосқаныма, пайдалы ақпараттарды беріп, қажетті заттарды үйреткеніме ризамын. Профилактикалық тексеруден өткізуге қатыстық. Мейірбике болу өз қызығушылығың бойынша жұмыс істеу. Басқаша болу мүмкін емес. Өз жұмысыңды, адамдарды жақсы көру керек! Өзіңді қинап жұмыс істеуге болмайды. Ондай кезде ешнәрсеге қол жеткізе алмайсың. Жұмысты шын көңілмен істесең ғана сенің энергияң басқаларға беріледі. Тіпті укол салғанды да сезбеуің мүмкін. Әрі өз ісіңнің маманы болып, үнемі жаңа нәрсені үйреніп, өзіңді жетілдіріп отыру керек. Тез шешім қабылдап, қиын жағдайда шұғыл көмек көрсете алатындай батыл болуға тиіссің. Мектепте жұмыс істеп жүрген кезде есінен танып құлаған оқушыға алғашқы көмек көрсеткен кезім болды. Қалай болғанын мен кейін ғана сезіндім, ал дәл сол кезде тез шешім қабылдап қажетті нәрсені жасадым", - дейді Гаухар Докторханқызы.
Біздің кейіпкеріміз бос уақытында тауға шыққанды ұнатады.
"Мен тауды жақсы көемін, оның әсем көрінісін ұнатамын. Тауға барғанда көңіл күйім әрқашан жақсы болады. Тауды алғаш көрненнен ұнаттым. Тау адамдарға кең құшағын ашып, оларды мейірімді болуға жетелейді. Бұл жерде күш жинайсың!"
Гаухар Докторханқызы - жас, мейірімді, талапкер, ұқыпты адам, жүзінен күлкі кетпейтін, адамдарға денсаулық, бақыт сыйлауға ұмтылатын жан. Сонымен қатар өз ісінің маманы, оған ең қымбат нәрсе - денсаулығыңды сеніп тапсыруға болады.
Жас мамандар, сіздерге жетістік тілейміз! Ақ жол!