Құрметті тұрғындар! Өз денсаулығыңызды күтіңіз – медициналық тексеруден өтіңіз. Скрининг - бұл ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, сөйтіп емдеу тиімділігін...
ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР! ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ КҮТІҢІЗ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТІҢІЗ
СКРИНИНГ - бұл ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, сөйтіп емдеу тиімділігін арттыру және асқынушылықтың алдын алу.
Ересек халықты скринингтік тексеріп-қараулар:
1) қанайналым жүйесінің негізгі ауруларын- артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын;
2) ерлер мен әйелдердің арасындағы қант диабетін;
3) әйелдердің арасында жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісіктерін;
4) әйелдердің арасында сүт бездерінің ісікалды, қатерлі ісіктерін;
5) ерлер мен әйелдердің арасында глаукоманы;
6) ерлер мен әйелдердің арасында жуан және тік ішектің ісікалды, қатерлі ісіктерін.
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топ болып табылады, 40-тан 64 жасқа дейінгілер – артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрмайтындар.
Глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топтары болып табылады.
Обырдың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау және ісіктерді ерте сатысында анықтау үшін мынандай тексерулерден өту керек.
Сүтбезі обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер нысаналы топтары болып табылады. Скринингте сүт безінің қатерсіз ісігі бойынша есепте тұратын немесе маммолог, онкомаммологта диспансерлік есепте тұрған және динамикалық маммографиялық зерттеулер жүргізуге жеке кестесі бар әйелдер қатысады.
Жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер нысаналы топтары болып табылады. Цитологиялық тексеріп-қарауға материал алу емхананың тексеріп-қарау кабинетінде алынады.
Полипоз, жуан ішек обыры бойынша есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер мен ерлердің нысаналы топтары болып табылады.
Өңеш обырына және асқазан обырына байланысты диспансерлік есепте тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы ерлер мен әйелдер нысаналы топ болып табылады. Өңеш пен асқазанды эндоскопиялық зерттеуге (эзофагогастродуоденоскопия) келесі медициналық ұйымдарға: ОҚКА, ҚКА № 1, 7, ЖШС «Асмед» аймақтық дәрігердің жолдамасымен жібериледі.
Вирусқа қарсы терапиядағы немесе вирусқа қарсы терапия тиімділігінің бағалауын алмағандарды қоспағанда вирусты және вирусты емес этиологиялы бауыр циррозы бойынша диспансерлік есепте тұрған ерлер мен әйелдер нысаналы топ болып табылады.
Қуықасты безінің обырына байланысты диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 54, 58, 62 және 66 жастағы ерлер нысаналы топ болып табылады.
Бұл зерттеулер жүрек – тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы, гепатиттерді, сонымен қатар инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыры, тоқ ішек обыры, сүт безі мен жатыр мойны обыры сияқты ауруларды қатты асқынуына, және де осы аурулардан мезгіліне жетпей өліп кетуге жол бермеуге болатын кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген.
Егер сіздің жасыңыз жеке шақыруда көрсетілсе – профилактикалық медициналық тіркеуден (скрининг) өтіңіз!
Қазақстан Республикасының әр азаматы ЖЫЛ САЙЫН АЛДЫН АЛА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУІ ТИІС.
Сіздер №4 Қалалық емханада тегін профилактикалық тексеруден профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінде өте аласыздар.
Мекен жайымыз: Торайғыров көшесі 12 а үй, жұмыс уақыты: 8.00-20.00 сағат. Кабинет №112