№4 ҚЕ "Жас ұрпақ" жастар денсаулық орталығының мамандары гинеколог дәрігер А.Садвакасова, СӨҚ дәрігері У.Амиркенова, психолог А.Алимбаева Халықаралық ақпараттық технология университетінің студенттеріне дәріс өткізді.
Мамандар өз мамандықтарына сәйкес өзекті тақырыптар және Орталықтың жұмысы туралы айтты.
Сонымен бірге терапевт дәрігер Б.Абдрей профилактикалық қарау жүргізді. Кездесу өте қызықты өтті және студенттер тарапынан қызығушылық тудырды. Мамандар қойылған сұрақтардың бәріне жауап берді.