Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың акушерлік-гинекологиядық бөлімшесінің медицина қызметкерлері пациенттерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Емханаға тіркелу, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз статусын анықтау, МӘМС жұмысының үлгісі туралы айтылды.
Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз денсаулықты сақтау саласында мүдделерді әлеуметтік қорғау жүйесі.
МӘМС Қазақстанның барлық азаматтарына жасы, жынысы, әлеуметтік статусы, тұратын жері және табысына қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке тең мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.