Ұлы мереке - Жеңіс Күні қарсаңында Алматы қаласының №4 ҚЕ "Amanat" партиясының "Тұмар" партия ұйымының хатшысы У.Амиркенова, аймақтық мейірбикелер Н.Жанабилова, А.Тұрсынбек, аймақтық дәрігер Е.Әбдіхалық Ұлы Отан соғысына қатысушы Тамара Семеновна Потехинаның, Склонин Виктор Карпович, Склонина Галина Викторовнаның үйіне барды.
"Емхана қызметкерлері қадірлі аталар мен апаларымыздың денсаулығын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, жылы сөзбен, қайырымды іспен қолдау көрсетеді. Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен батырларымызды әрқашан мақтан тұтамыз. Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және қатысушылар, тыл еңбеккерлері! Сіздердің алдыларыңызда басымызды иеміз! Зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз, жақындарыңыздың қамқорлығына бөленіп жүре беріңіздер",-дейді медицина қызметкерлері.
Емхана қызметкерлері азық-түлік жиынтығын тапсырды.