Құрметті біздің оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың әйелдерді қарау бөлмесінің жоғары санатты акушеркасы Ұлтуар Байтыковна Иманбаевамен сұхбатты ұсынамыз. Ол біздің емханада 30 жылдан аса жұмыс істеп келе жатыр, еңбек кітапшасында жұмысқа қабылдау туралы барлығы екі жазба ғана бар. Біріншісі - Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы, екіншісі - №4 ҚЕ. Ұлтуар Байтыковна Алматы қалалық медицина училищесін бітірген. "Ерекше жетістіктері үшін" медалімен марапатталған. Алматы қаласы ҚДСБ, №4 ҚЕ, т.б. грамоталары бар. Емханада ұйымдастырылған кәсіптік шеберлік конкурсында "Ең үздік акушерка" номинациясы бойынша 1-ші орын алды! Біздің сүйікті акушеркамыз өз ісінің маманы! Ол өте мейірімді, қарапайым, тиянақты, адамдарға және өз жұмысына сүйіспеншілікпен қарайды.
Ұлтуар Байтыковна денсаулыққа қауіпті аурулардан сақтану үшін уақытылы профилактикалық тексеруден өтіп тұру жеткілікті екеніне сенімді.
"Дер кезінде тексеруден өту қауіпті аурулардың белгілерін ерте кезеңде анықтап, өмірді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Профтексерулер тіркелген емханада өткізіледі. Скрининг - аурудың белгісі әлі жоқ кезде, қауіпті ісіктерді ерте кезеңде анықтау мақсатымен жүргізілетін профилактикалық қараулар мен қосымша тексеру әдістері енгізілген кешенді шара. Онкологиялық ауруларды анықтауға арналған үш ұлттық скрининг бағдарламасы бар: сүт безінің ісігі - 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер, жатыр мойыны ісігі - 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер, колоректалды скрининг - 50-ден жасқа дейінгі әйелдер мен еркектер. Обырды ерте анықтау өмірді сақтап қалады және сапалы өмір сүруді қамтамасыз етеді. Менің тәжірибемде әртүрлі жағдайлар болды. Адам өмірін сақтап қалған екі жағдай болды. Онкоцитологияға жағынды өткізген әйелде обыр алды жағдай анықталды. Жатыр мойыны обыры әйелдер ауруларының ішінде кең таралған ауру. Дер кезінде сәйкес ем тағайындалды. Жатыр мойыны обырын анықтау үшін 4 жылда 1 рет скрининг өту керек. Әйелдерді өз денсаулығына мұқият болуға шақырамын. Бұл сіздің өміріңізді сақтап қалады. Құрметті әйел қауымы! Аса қымбат нәрсе - денсаулық пен өміріңізге уақыт бөліңіз! Әркім өз денсаулығы үшін жауапты! Скринингтік тексерулер аса қазет, себебі ауруды ерте кезеңде анықтайды. Онкологияны емдеу ауру кезеңіне байланысты: неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу тиімділігі де жоғары. Бір жыл ішінде біз 25-30 әйелден обыр алды жағдайды анықтаймыз. Жатыр мойыны обыры бойынша жылына 5 адам анықталатын, қазір әйелдер профтексеруден уақытында өтетіндіктен бұл көрсеткіш жақсарды. Құрметті пациенттер, скринингтен өту үшін №116 бөлмеге күнделікті сағат 8.00-ден 17.00 дейін, сенбі күні №113 бөлме сағат 8.00-ден 15.00 жұмыс істейді",- дейді Ұлтуар Байтыковна.
Сізге өз жұмысыңыз ұнай ма?
Әрине! Ең бастысы - жауапкершілік.
Бұл өз ісіңе берілгендік. Бұл профессионализм. Өз жұмысыңды сүю және қуанышпен атқару - бұл үлкен бақыт. Мен акушерка болып істеп жүргеніме мақтанамын. Бұл менің өмірім. Бізге өз денсаулығын сеніп тапсырады, біздің міндетіміз медициналық көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Барлығына айтарым скринингтен уақытында өтіңіздер. Денсаулық туралы ұмытпаңыздар!
Сұхбат соңында біз Ұлтуар Байтыковнадан қызығушылығы туралы сұрадық. Ол былай деді: "Бау-бақша, гүлдер! Маған жер қазып, бақша салу, өз қолыңмен көкөніс өсіру, шыққан өнімді жинау ұнайды. Бұл мен үшін ауырлық емес, демалыс, энергия аламын, көңіл-күйім де көтеріледі".
Сұхбат бергеніңіз үшін Сізге рахмет! Сізге де денсаулық, жұмыста табыс тілейміз!