№4 Қалалық емхана Сіздерге Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қолжетімді, тегін, уақытылы және сапалы медициналық көрсетілетін қызметтердің спектрін ұсынады.
№4 Қалалық емхананың базасында сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Call – орталығы жұмыс істейді. Call – орталығы пациенттерге сапалы қызмет көрсетілу үшін дәрігерлердің жұмысын жақсартуға қажетті. Call – орталығына қоңырау шала отырып, Сіз ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) бойынша қызметтердің ұсынылуы жөнінде қажетті ақпарат ала аласыз. Диспетчер-операторлар Сізге дәрігердің қабылдауына дейінгі деңгейде мәселелерді шешуге дайын. Біздің басты міндетіміз – азаматтарға көмек көрсету. Call – орталығы медициналық ақпараттық жүйенің жалпы бөлігі болып табылады. Біздің операторлар дәрігерлердің барлық қабылдау кестесін көріп бере алады.
№4 Қалалық емхананың базасында Сіздің мүдделеріңізді қорғайтын Пациенттерді Қолдау Қызметі жұмыс істейді.
Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты – түйткілді мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсетудің сапасын әрі қарай жақсарту болып табылады.
Егер Сіз:
- медициналық көмектің көрсетілу сапасына қанағатты болмасаңыз;
- медициналық персонал тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге медициналық персоналдың ақша сұрау дерегіне тап болсаңыз;
- сондай-ақ, медициналық көмектің көрсетілу тәртібі мен сапасына байланысты басқа да түйткілді мәселелерге тап болсаңыз Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіз аты-жөніңіз бен байланысу деректерін (телефон, мекенжайыңыз) көрсете отырып, емхана кіреберісінде орналасқан Хаттар қорапшасына өз жазбаша жүгінуіңізді қалдырып кете аласыз. Өтініштердің үлгілері ақпараттық үстелде жатады.
Пациенттерді қолдау қызметі мүмкіндігінше қысқа мерзімде Сіздің хатыңызды қарап, 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей хатыңыз бойынша ақпаратты ұсынады.
Пациенттерді қолдау қызметіне емделу барысындағы пациенттер де, олардың жақындары да жүгінуге құқылы.
Біздің ұйым арқылы медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін Сіздің жүгінулеріңізге, хаттарыңыз бен ұсыныстарыңызға ризашылығымызды білдіреміз. Өз пікіріңізді WWW.4gp.kz қалдыра аласыз және Call – орталығының қызметкерлері міндетті түрде сізге жауап береді.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Орбита-3 ықшам ауданы,
Торайғыров көшесі 12 А, Мұстафин көш. қиылысы.
Call – орталығы: +7(727)326-98-59