11.11. 2021 ж. Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың Бақылау кеңесінің мәжілісі өтті, 2021 жылдың 9 айлық жұмыс қорытындысы, КВИ ауыру және өлім көрсеткіші, мобилдік топ жұмысы қаралды. Бүгінгі күні 11мобилдік топ құрылған, 8 автокөлік бар, 5 мобилдік топ жұмыс істейді. Емхананың қаржы-шаруашылық қызметі, тұрғындардың Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметіне, колл-орталыққа жолдаулары, сонымен қатар ситуациялық орталықтың жұмысы, вакцинация мәселелері қаралды.
Есеп беруге қатысушылар: Бақылау кеңесінің төрағасы Сюй-Мин Александр Анатольевич-"Innovation Safety Center" ЖШС аға заңгері, "Нұр-Отан" партиясының Бостандық ауданы филиалы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қоғамдық кеңестің хатшысы.
Бақылау кеңесінің мүшелері: Банщиков Вячеслав Юрьевич-"Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы комитет мүшесі.
Мухамеджанова Гульнара Балтабаевна-"БМСК денсаулық сақтау Ассоциациясы АҚ" төрайымы.
Чукумов Бауржан Габбасович-"Нұр Отан" партиясының Әуезов ауданы филиалының жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы.
Катарбаев Адыл Каирбекович-С. Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі.
Баяндама негізгі жұмыс бойынша презентация түрінде көрсетілді.
ШЖҚ КМК "№4 Қалалық емхана" Бостандық және Әуезов ауданының тұрғындарына алғашқы санитарлық-медициналық көмек, кеңес беру-диагностикалық көмек көрсетеді. №4 ҚЕ тіркелген тұрғындар саны 87571 адам. Оның ішінде ересектер саны 62234, балалар-25337.