Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың СӨСҚ дәрігері У.Амиркенова №72 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен "Коронавирус инфекциясының алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді.
Инфекция жұқтырудың алдын алу үшін мына кеңестерді орындау туралы айтылды: қол мен бетті жиі сабындап жуу, қолға арналған антисептикті пайдалану, адам көп жиналған жерге бармау, науқас адамдармен қарым қатынас жасамау, суық тию белгілері анықталған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрын бітуі, жөтел, тамақтың ауыруы) дәрігерге қаралу керек. Коронавирус туралы ақпаратпен буклеттер таратылды.