Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың СӨСҚ дәрігері У.М.Амиркенова Сулейман Демирель атындағы «Мектеп-интернат-колледж» оқушыларымен «Коронавирус. Эпидемиологиясы. Симптомдары. Профилактикасы» тақырыбында семинар өткізді. Коронавирус туралы мәліметтер бар кітапшалар таратылды.
Коронавирус – бұл вирустар тобы, жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралады. Адамдарда коронавирус жедел респираторлық аурулар, атиптік пневмония және гастроэнтериттер туғызады. Балаларды бронхит пен пневмония болуы мүмкін.