№4 ҚЕ СӨС сақтау дәрігері У. Амиркенова ҚазБСҚА лицейінің 10 сынып оқушыларына интерактивті түрде "Контрацепция, жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекциялар, АИТВ/ЖИТС" тақырыбында дәріс өткізді. Бұл кездесу 1 желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес Күніне орай өткізілді.
Дәрістің мақсаты - АИТВ/ЖИТС байланысы сұрақтар бойынша білімдерін көтеру, жасөспірімдерде АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық материалдар таратылды.