№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) 2020 жыл

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) 2020 жыл - мейірбикелер және акушеркалар жылы деп жариялады.

Гульбану Айтбековна Есжанова Алматы қаласы №4 Қалалық емхана қызмет көрсететін №127 жалпы білім беретін мектепте 20 жылдан аса жұмыс істейді. Республикалық медициналық колледжді бітірген соң еңбек жолын №4 ҚЕ бастаған.
«Менің жұмысым өзіме ұнайды. Балалармен жұмыс істеу маған қуаныш сыйлайды. Ең бастысы – баланың дені сау болғаны. Мектепке келіп балаларға көмек көрсету мен үшін ең басты міндет. Бұл жерді мені күтіп отырғанын білемін. Өз жұмысыңды ықыласпен атқаратын болсаң ғана оның нәтижесі болады», - дейді біздің басты кейіпкеріміз.

Оқушылар да мектеп мейірбикесіне құрметпен қарайды. «Ол өте мұқият, мейірімді адам, үнемі біздің жағдайымызды сұрап, қажет кеңестерді беріп отырады. Осындай мейірбике болғанына ризамыз!» - дейді балалар.
Мектеп мейірбикесі екпе жасайды, профилактикалық тексеру өткізеді, санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді, ата-аналармен және балалармен әңгіме өткізеді, алғашқы медициналық көмек көрсетеді, мұғалімдердің жыл сайын профилактикалық тексеруден өтуін қадағалайды.

«Бұл үлкен жауапкершілік. Әртүрлі жағдайлар болады: эпилепсия ұстамасы, біреу жарақат алады, біреу қолын сындырып алуы мүмкін, т.б. Біз дереу шұғыл медициналық көмек көрсетеміз, жедел жәрдем шақыртамыз. Асхананың ас мәзірін, тағамның сапасын, санитариялық және температуралық тәртіптің сақталуын қадағалау да біздің міндетімізге жатады», - дейді мейірбике.

Міне, №4 Қалалық емханада осындай тамаша жан қызмет атқарады. Құрметті Гульбану Айтбековна, Сізге денсаулық, еңбекте табыс тілейміз!

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96