Халық арасында өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілікті жоғарылату, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Сапа айлығы» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-ға Марат Көккөзов барды. Марат Көккөзов «Тамаша» театрының актері. Бізге эстрада жұлдыздары мен актерлердің өмірі біздікінен ерекшеленетін сияқты. Шоу-бизнес әлемі қызықты, ерекше, жарқыраған және үнемі мерекелі болып көрінеді.
Халық арасында өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілікті жоғарылату, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Сапа айлығы» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-ға Марат Көккөзов барды. Марат Көккөзов «Тамаша» театрының актері. Бізге эстрада жұлдыздары мен актерлердің өмірі біздікінен ерекшеленетін сияқты. Шоу-бизнес әлемі қызықты, ерекше, жарқыраған және үнемі мерекелі болып көрінеді. Алайда, эстрада жұлдыздары мен актерлері – қарапайым адамдар. Олардың да үйлері, отбасылары және уайымдары бар. Олар үшін де денсаулық маңызды құндылық болып табылады. Солардың ішінде өз денсаулығына салғырт қарамайтын, Қазақстанның белгілі жұлдыздарының бірі, үлгі тұтарлық азамат болып табылатын Марат Көккөзов профилактикалық тексеруден өтіп, салауатты өмір салты бойынша дәрігерлердің кеңестерін алды.