
Алматы қаласындағы №4 Қалалық емханада "Кәрі адамдар мектебі" жұмыс істейді. Бүгін егде жастағы адамдармен кезекті кездесу өтті. Сабақты геронтолог дәрігер Б.Абдрей өткізді.
"Геронтологтар - кәрі адамдармен жұмыс істейтін мамандар. Біздің міндетіміз - саламатты өмір салтына бағытталған ақпараттық-білім беру, профилаткикалық көмек көрсету.
Мен - жоғары санатты терапевт дәрігер, ревматолог дәрігермін. Қабылдауды науқасты тексеруден бастаймын. Өмір сүру сапасы мен жағдайын да білу маңызды. Менің міндетім - адамдарды физикалық, психологиялық жағынан да жақсы жаққа жетелеу.
Саламатты өмір салты, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден және көп мөлшерде май, қант өнімдерін қабылдаудан бас тарту, физикалық белсенділікті арттыру туралы әңгіме өткіземін. Физикалық белсенділік - аурудын алдын алатын маңызды фактор. Жүру, жаттығулар жасау әр адамға қажет",- дейді Бибінұр Абдрейқызы.