№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Күлкі - күн сияқты, адам жанын жадыратады!

НАЗЫМ АХТАНОВА: "Күлкі - күн сияқты, адам жанын жадыратады!"
 
 
Құрметті оқырмандар! Сіздің назарларыңызға Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың Колл-орталығының администраторы Ахтанова Назым Нұрмұратқызын ұсынамыз! Бұл емханаға келуші пациенттерді тіркеу бөлімінде бірінші болып қарсы алатын адам.
 
"Биязы, өз ісін білетін, мейірімді, ұқыпты адам. Кез-келген жағдайда көмекке келіп, қолдау көрсетеді. Біздің емханада осындай өз ісінің маманы жұмыс істейтіні бізді қуантады",- дейді пациенттер өздерінің алғыс хаттарында.
 
"Менің міндетім - келушілеге сапалы және жылдам қызмет көрсету, жауапты, мұқият болу. Түрлі адамдардың көңілін таба білу керек. Менің жұмысым шыдамдылықты, пациенттерге ақпаратты дұрыс жеткізуді, қандай медициналық көмек керектігін білуді, олармен сыпайы сөйлесуді талап етеді. Адамдармен тіл табыса білемін. Олармен сөйлесу, өз көмегімді тигізу маған ұнайды. Адамдарға жылы жүзбен, сөзбен қамқорлық көрсету, қолдау жасау мен үшін қуаныш. Шынайы күлкі, мейірімді жүрек, сүйіспеншілік адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлайтынына сенемін. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Адамдарға көмегімді тигізгеніме ризамын. Күлкі - күн сияқты, адам жанын жадыратады!",-дейді Назым Нұрмұратқызы.
 
Міне, адамдарға күш-қуат беретін осындай ақжарқын, керемет жан біздің емханада жұмыс істейді.
 
Назым Нұрмұратқызы! Сізге денсаулық, амандық тілейміз!
Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96