№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Иммундау туралы ақпарат

Иммундау – бұл адамның иммунитетті иелену үдерісі немесе вакцина енгізу арқылы жұқпалы ауруларға қарсы төтеп бере алуы. Вакцина жұқпалы аурудан немесе инфекциядан адам организмінің иммундық жүйесін қорғауға себептеседі. Иммундау өмірге қауіп төндіретін инфекциялық аурулармен күресудің немесе оларды жоюдың құралы болып табылады.

Иммундау – бұл адамның иммунитетті иелену үдерісі немесе вакцина енгізу арқылы жұқпалы ауруларға қарсы төтеп бере алуы. Вакцина жұқпалы аурудан немесе инфекциядан адам организмінің иммундық жүйесін қорғауға себептеседі.

Иммундау өмірге қауіп төндіретін инфекциялық аурулармен күресудің немесе оларды жоюдың құралы болып табылады. Мәліметтерге сүйенсек, иммундау жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл тіпті халықтың ең осал тобына иммундау қолжетімділігін қамтамасыз ететін стратегиялармен тексерілген денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар тұрғысынан ең тиімді түрі. Нақты анықталған мақсатты топтар бар; шығу бригадалары арқылы иммундауды орында жүргізу мүмкіндігі бар; вакцинациялау үшін өмір салтын айтарлықтай бір бағытқа өзгертудің қажеті жоқ.

2016 жылғы Еуропалық иммундау апталығы: Иммундаудағы аралықты болдырмау. 2016 жылғы 24-30 сәуір
Сәуір айының соңғы аптасында (24-30) жүргізілетін Еуропалық иммундау апталығының мақсаты халықтың денсаулыққа және адамдардың сау болуына иммундаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат алуын жоғарылату. 2016 жылы жүргізілетін іс-шаралар Өңірдің қызылша мен қызамық элиминациясы бойынша келісілген жұмысты жүзеге асыру барысындағы кездесетін қиындықтарына және қол жеткізген прогрессіне арналады.

Иммундау - денсаулық сақтаудың ең табысты және тиімді әдістерінің бірі. Ол адамның және жалпы халықтың денсаулығын сақтауда үлкен нәтижелерге қол жеткізуге және жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта балаларды дифтерия, сіреспе, гепатит, кене энцефалиті, қызылша сияқты 5 жасқа дейінгі жаста өлім жағдайына әкелетін аурулардан қорғауды қамтамасыз етеді.

2016 жылғы Еуропалық иммундау апталығы жергілікті қауымдастықтар тарапынан иммундауға деген сұранысы пен ақпарат алу деңгейін арттыруға бағытталған іс-қимылдарды жандандыру бойынша жаһандық, өңірлік және ұлттық күш деңгейінде қолданылатын жаңа импульс беруге, сондай-ақ вакцинация жүргізу бойынша қызметтердің тиімділігін жоғарылатуға себептеседі.

Осы жылғы науқан шеңберінде вакцинациялауға қатысты Жаһандық іс-қимылдар жоспарында көрсетілгендей, басты назар иммундаумен қамтылу деңгейінде теңдікті қамтамасыз ету және иммундаудағы аралықтарды болдырмау мәселесіне аударылады. 2012 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясында 194 мемлекет мүшелері қабылдаған бұл жоспар барлық қауымдастықтарда адамдардың вакцинаға қолжетімділігін жан-жақтан қамтамасыз ету жолымен 2020 жылға қарай миллиондаған өлім жағдайларының алдын алу негізін қамтамасыз етеді.

Құрметті пациенттер!
Сіздерді иммундау мәселесі бойынша мына телефон арқылы жүгінулеріңізді сұраймыз:

+7 (727) 242-56-50

+7 (727) 242-56-55

+7 (727) 265-74-10

+7 (727) 242-56-38

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96