№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Халықаралық Отбасы күні.

Бүгін – Халықаралық Отбасы күні. Қоғам назарын отбасылық құндылықтарды сақтауға аудару, әрі оны дәріптеу мақсатында №4 Қалалық емхананың балалар бөлімшесі көп балалы отбасыларын құттықтап, балаларға сыйлықтар сыйлады. Бұл елімізде мемлекеттік деңгейде отбасы, жанұя ұғымдарына көрсетілетін зор құрметті паш етеді және оған ерекше назар бөлінетінін айқындайды. Әрбір шаңырақтағы береке түптеп келгенде тұтас елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. Барлық жанұяларға зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілейміз! Шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын!-деп тілейді емхана қызметкерлері.



Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96