Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың мектеп дәрігері А.О.Сапарова №72 жалпы білім беру мектебінің оқушы қыздарымен «Ерте қалаусыз жүктілік мәселелері» тақырыбында дәріс өткізді. Семинардың мақсаты – ерте жүктілік мәселелері бойынша білім деңгейін көтеру...
Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың мектеп дәрігері А.О.Сапарова №72 жалпы білім беру мектебінің оқушы қыздарымен «Ерте қалаусыз жүктілік мәселелері» тақырыбында дәріс өткізді. Семинардың мақсаты – ерте жүктілік мәселелері бойынша білім деңгейін көтеру, жасөспірімдерде саламатты өмір салты дағдыларын дамыту. Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік неге қауіпті? Ерте жүктіліктің соңы сияқты сұрақтар қарастырылды.
Ерте жүктілік мәселесі өте өзекті, сондықтан оның алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет. Қыздар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды, маңызды, әрі қажетті мәліметтерді естіп білді.