№4 Қалалық емхананың СӨС дәрігері У. Амиркенова интерактивті түрде Сүлеймен Демирел атындағы "Мектеп-интернат-колледж" мекемесінде "Электронды темекінің зияны" тақырыбында дәріс өткізді. Кездесудің мақсаты - темекі шегудің зардаптарына жасөспірімдердің назарын аудару. Оқушылар темекі шегу жүйке жүйесіне, жүрек және қантамыр жүйесіне аса қатты әсер ететінін білді. Дәрігер оқушыларға темекі түтінінің толық химиялық құрамын таныстырды, бұл заттардың барлығы организмге түседі, сондықтан да ойлану керек.
"Осы мәселеде ең дұрыс профилактика - мүмкін зардаптардың алдын алу. Электронды темекі жасөспірімдердің тұрақты темекі тартуына әкелуі мүмкін. Темекі шегу жасөспірімдерге зиянын тигізеді, үйлесімді дамуына кедергі келтіреді, болашақта көптеген қауіпті ауытқулар дамуына әкеледі. Бұл туралы жасөспірімдерге де, ең алдымен ата-аналарға да міндетті түрде айту керек. Себебі олар балалар өміріндегі аса сенімді және беделді адамдар ретінде өз балаларының денсаулығын сақтайды. Біз оқушыларға электронды темекінің зияны туралы оқушыларға мәлімет беруді жалғастырамыз және салауатты өмір салтын сақтауға шақырамыз",- дейді дәрігер.