№68 мектеп-гимназияның оқушыларына "Электронды темекінің зияны" тақырыбында дәріс өтті. №4 ҚЕ СӨС дәпігері У.Амиркенова темекі шегудің жүйке жүйесіне, жүрекке және қантамырларын тигізетін зияны туралы айтты.
Қантамырларының тарылуы атеросклерозға, гипертонияға, стенокардияға, миокард инфарктына әкеледі, және тыныс алу жүйесіне де қауіпті.
Темекі түтінінің толық химиялық құрамы көрсетілді. "Жасөспірімдердің назарын темекі шегудің зардаптарына, пассивті темекі шегудің қауптілігіне аудару маңызды.
Саламатты өмір салтын насихаттау жұмысын жүргізу, жасөспірімдердің ішімдік пен темекі шегуге теріс көзқарасын қалыптастыру керек",- дейді дәрігер.