№4 Қалалық емхана ұжымы ҚР Президентінің«Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқыға салды. Емхананың заңгері Ш.Анарбаева Жолдаудың «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» бөлімінде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың міндеттері алға қойылғанын айтты.
«Төртінші өндірістік революция жағдайынла дамудың жаңа мүмкіндіктері»
ҚР Президентінің 10 қаңтар 2018 жылғы «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдау.
№4 Қалалық емхана ұжымы ҚР Президентінің«Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқыға салды. Емхананың заңгері Ш.Анарбаева Жолдаудың «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» бөлімінде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың міндеттері алға қойылғанын айтты. Елбасы халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланыстымедициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетінін баса айтты.Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс.Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту міндетелді. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аударылатын болады. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу ұсынылды.
Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталықтар құрылады. Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек.
Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды.Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.
Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.
Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек.
Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады.