№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Денсаулықты басқару!

«Сапа айлығын» өткізу шеңберінде, сондай-ақ сапаны жақсарту және «Ауруларды басқару бағдарламасы» жобасын іске асыру мақсатында диспансерлік есепте тұрған пациенттер арасында жұмыс жандандырылды. Денсаулықты басқару дегенде, біз ең алдымен ақпараттық ағындарды басқару жөнінде айтылып жатқанын білуіміз керек.

«Сапа айлығын» өткізу шеңберінде, сондай-ақ сапаны жақсарту және «Ауруларды басқару бағдарламасы» жобасын іске асыру мақсатында диспансерлік есепте тұрған пациенттер арасында жұмыс жандандырылды. Денсаулықты басқару дегенде, біз ең алдымен ақпараттық ағындарды басқару жөнінде айтылып жатқанын білуіміз керек.

ДДҰ сарапшылары XX ғасырдың 80 жылдарында төрт негізгі өндірісті бөле отырып, қазіргі заманғы адамның денсаулығын қамтамасыз етудегі түрлі факторлардың бағдарланған арақатынасын анықтаған болатын. Соның салдарынан бұл қорытындылар іс жүзінде расталды және біздің мемлекетте келесілерге сәйкес келеді:

  • генетикалық факторлар - 15-20%;
  • қоршаған орта жағдайы - 20-25%;
  • медициналық қамтамасыз ету - 10-15%;
  • адамдардың өмір сүру салты мен жағдайы - 50-55%.

Тән біздің сана-сезіміміздің жалғасы болып табылады және денсаулықпен байланысты кез-келген мәселелер бірінші кезекте сана-сезімдегі және адам қатысатын қарым-қатынастағы мәселелерді көрсетеді.

Денсаулықты не үшін басқару қажет?

Өзіңізге сұрақ қойыңыз: өзімізге, жақындарымызға және сүйікті адамдарымызға барлығынан бұрын не тілейміз? Әрине, денсаулық!

Денсаулық – адам үшін және жалпы адамзат үшін баға жетпес ерекше құндылық. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық» ұғымы «бұл тек аурулардың немесе физикалық кемшіліктердің болмауы ғана емес, бұл толық физикалық, психологиялық, әлеуметтік саулықтың жағдайы» деп анықталған. Адам өмірінің әр кезеңінде көптеген биологиялық және әлеуметтік міндеттер шешіледі. Алайда, 40 жасқа таяғанда органзимнің бейімдегіш және компенсаторлық мүмкіндіктері төмендейді. Клиникалық тәжірибе бұл кезеңдердегі бұзушылықтар ешқандай белгілерсіз өтіп шығатынын растаған. Тек белгілі бір белгілер мен асқынулар медициналық көмекке жүгінуге итермелейді. Міндет қойылды: халықтың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және жақсарту. Бұл мақсатқа жету үшін барлық кезеңдерде денсаулықты басқара алу керек.

Өз денсаулығын қалай басқаруға болады?

Денсаулықты басқару кез-келген күрделі үдеріс ретінде толық және жан-жақты диагностиканы, алынған нәтижелердің талдауын, оларды түзету мен оның тиімділігін мониторингілеу бойынша іс-қимылдар жоспарын көздейді.

Диагностиканың әр сатысы ең үздік первенттік шетел медицинасының талаптарына толық сәйкес келу үшін жетекші клиникалар мен университеттердегі Канада дәрігерлері тобымен тығыз ынтымақтастықта әзірленді.

Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасы 2013 жылдан бастап іске асырылады. ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да 2016 жылғы маусымнан бастап енгізілді. Бағдарлама пациенттерге өз ауруын медицина қызметкерлерімен бірге бақылауға және оның асқынуларын құрамына терапевт, бейінді маман, орта медициналық персонал, психолог, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі маман және әлеуметтік қызметкер кіретін мультитәртіптік топпен тұрақты байланыста болу арқылы болдырмауға мүмкіндік береді.

«Ауруларды басқару бағдарламасы» жобасын іске асыру мақсатында ауруларды басқару кабинеті ұйымдастырылды, ол жерде мультитәртіптік топтың мамандары пациентке бейімделген қағидат бойынша қызметтер көрсете алады, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді іс-қимылдар жоспарын құра алады, пациенттерді емдеу кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша кеңестер өткізіп, жұмыс сапасын жақсарту үшін ақпаратпен алмаса алады.

ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК бойынша бағдарламаға барлығы 200 пациент қатысады, олар Артериалдық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады. Пациенттерді қарап-тексеру (артериалдық қысым, ТТЛ анықтау) сегментация нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96