«Денсаулық жолы-2018» Ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру аясында Алматы қаласының тұрғындарының денсаулығын сақтау және нығайту мақсатымен №4 Қалалық емхананың Саламатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі Ж,Ешназарова ҚазГАСА студенттерімен, талапкерлер және олардың ата-аналарымен саламатты өмір салтын сақтау және скринингтен өту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Саламатты өмір салты – ұзақ өмір сүру кепілі, ал скрининг аурудың алғашқы белгілерін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Аталған шара «Сау қала дені сау тұрғындар үшін» акциясы аясында өткізілді. Шара соңында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар ақпараттық – білім беру материалдары таратылды.