Алматы қаласының №4 Қалалық емханасында тұрғындар үшін денсаулық мектебі жұмыс істейді. Науқастарға арналып әртүрлі...
Алматы қаласының №4 Қалалық емханасында тұрғындар үшін денсаулық мектебі жұмыс істейді. Науқастарға арналып әртүрлі тақырыпта сабақтар өткізіледі. Осы жолы «Дене белсенділігі және артериялық гипертензия» тақырыбында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің дипломнан кейінгі білім беру кафедрасының профессоры Е.Б.Ужегова өткізді. Сабақта артариялық қан қысымын қалай өлшеу керек, дәріні қалай қабылдау керек, өзін-өзі бақылау, тамақтану тәртібін сақтау және қалай тамақтану керектігі туралы нақты түсініктеме берілді. Дәріске 15 адам қатсысты.