Құрметті Алматы қаласындағы №4 Қалалық емхананың емделушілері! Сіздерге қолайлы DamuMed мобильді қосымшасы жұмыс істейді. DamuMed мобильді қосымшасы арқылы Сіз дәрігер қабылдауына жазылып, немесе дәрігерді үйге шақыра аласыз, сізге берілген рецептер мен.
Құрметті Алматы қаласындағы №4 Қалалық емхананың емделушілері! Сіздерге қолайлы DamuMed мобильді қосымшасы жұмыс істейді. DamuMed мобильді қосымшасы арқылы Сіз дәрігер қабылдауына жазылып, немесе дәрігерді үйге шақыра аласыз, сізге берілген рецептер мен зертханалық тексерулер нәтижесін көре аласыз, еңбекке жарамсыздық парағын шығара аласыз. «Дабыл түймесі» қызметі 5 жасқа дейінгі баласы бар ата-анаға, жүкті әйелдерге және диспансерлік бақылау тобындағы кейбір топтағы науқастарға бір рет басу арқылы дәрігерді үйге шақыртуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Сіз жеке кабинет қызметі арқылы балаңызға және кәрі ата-анаңызға үйге дәрігер шақырта аласыз немесе дәрігер қабылдауына жазыла аласыз. Ол үшін өз емханаңызға барып электронды денсаулық паспортына туыстарыңыз туралы мәлімет беруіңіз қажет. Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыздар: 242 54 66, 242 55 54.