№37 жалпы білім беретін мектептің 70 аса оқушысы "Дұрыс тамақтану. Зиянды әдеттерден бас тарту" тақырыбында семинарға қатысты. Семинарда барысында балалар көптеген жаңа, әрі қызықты мәліметтер алды, белсенділік көрсетіп сұрақтар қойды, жауаптарды мұқият тыңдады.
Оқушылар өздері үшін қорытынды жасады: денсаулық-басты байлық, онсыз бақытты және толыққанды өмір мүмкін емес. Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы туралы презентация көрсетілді.