№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

"Дәрігер кеңесі" айдары

Бала қанша үйірмеге және секцияға қатысуы керек екені жөнінде алматылық дәрігер айтып берді. Көптеген ата-аналар бала неғұрлым көп уақытын оқуға және үйірмеге қатысуға жұмсаса, соғұрлым білімді болады деп санайды. Бірақ мектептегі және қосымша сабақтардағы артық жүктеме кері әсерін тигізуі мүмкін деп ескертеді Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Динара Калиева. Дәрігердің айтуынша, үйірмені таңдаған кезде баланың жағдайына қарау керек: оның бейімі мен сабаққа қызығушылығы бар ма, мектептегі сабағына зияны бола ма, демалуға, отбасымен және достарымен қарым-қатынасқа уақыт қала ма. "Егер бала бастапқыда үштен аса үйірмеге барғысы келсе, онда әртүрлі саланы байқап көрсін. Бір-екі айдан кейін өзі де қандай сабақ ұнайтынын, ал қайсысынан бас тарту керектігін түсінеді",-дейді Д.Калиева.

Дәрігердің сөзінше балалардың бәрі бірдей емес және артық жүктемені әртүрлі қабылдайды. Кейбіреулері тез шаршайды, басқалары көп жаттығуға дайын. Сондықтан үйірме кесетесін жасаған кезде оқушының жеке ерекшелігіне назар аударып, оны басқалармен салыстырмау керек.

"Көңіл аударуға тұратын шаршаудың бернеше негізгі белгілері бар: егер бала уақыттың көп бөлігінде шаршаған түрде болса, бас ауыруына, нашар ұйықтауға және жиі ауыратынына шағымданса - бұл жүктеменің артық екенін білдіреді. Әрі баланың мінез-құлқына да қарау керек. Егер бұрын көңілді және белсенді болған бала көп шағымдана бастаса, мұңайып немесе күйзелсе, оның себебі қатты шаршау болуы мүмкін"- деп ескертеді эксперт. Егер бала барлығына үлгеріп жатса да, ата-ана алдын- ала сақтақ шараларын жасап, артық жүктеме болдырмауын ескерген жөн. Ол үшін түрлі форматтағы секцияларды таңдаған дұрыс, үйде балаға сабақ туралы аз айтып, бос уақытында ешнәрсе істемеуге рұқсат ету керек.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96