№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Дәрігер кеңесі

Previous Next

"Дәрігер кеңесі" айдарында жоғары санатты педиатр дәрігер А.А.Жанабаева ауа-райы ыстық кезінде сақтану шаралары туралы айтады.
Күн өту- дегеніміз ол ағзадағы жылу алмасу процесінің бұзылуы. Бұл көбіне жаз мезгілінде орын алады. Күн сәулесінің бас аймағына тікелей әсер ету себебінен болады. Оған жаздың аптап ыстығынан басқа, ыстық монша, қапырық бөлме немесе қоғамдық көлік себеп болуы мүмкін. Медицинада оны гелиоз деп атайды. Гелиоз өлімге апаруы да мүмкін. Сондықтан күн өтіп кеткенін сезген жағдайда немесе дене қызуы бірден жоғарылап кеткен жағдайда жедел жәрдем қызметін шақыру керек. Аптапта әсіресе, егде жастағы және кішкентай балаларға күн астында көп жүру өте қауіпті. Ауа температурасы жоғарылаған кезде ми қан тамырлары мен лимфа тамырларының кеңеюінен орталық жүйке жүйесіне зақым келеді. Ми қан тамырлары кеңейіп, қысылып қалады. Нәтижесінде гипоксия пайда болады, яғни оттегі жетіспейді. Бұл адам өміріне өте қауіпті. Бұдан бөлек, нейрондардың қызметі бұзылып, метаболизм дұрыс жұмыс істемейді. Сонымен қатар, күн өтіп кеткен адамның жүйке жүйесі қызметі, қан айналымының қызметі бұзылып, тер бөліну процесі бұзылады. Нәтижесінде адам тіпті дұрыс тыныс ала алмайды. Оның салдары қорқынышты болуы мүмкін - жүрегі тоқтап немесе тыныс алу жүйесі қиындайды"
Ыстық өту мен бастан күн өтудің белгілері ұқсас:
- әлсіздік, бас айналу,
-мұрын қанау
– асқынған жағдайда дененің құрысуы, естен таңу;
- жүрек айну, құсу;
- бас ауру;
- дененің қызуы (40 градусқа дейін);
- тері қабатының қызаруы;
- суық тер шығуы;
- тахикардия.
Бастан күн өткен кездегі алғашқы көмек:
Бастан күн өткендегі алғашқы көмек шаралары келесі кезеңдерді қамтиды.
-Дәрігер келгенше науқасты көлеңкеге немесе салқын бөлмеге жатқызып, үстіңдегі тар киімін шешу керек(ремень, галстук).
-Басына, шүйедесіне, қолтығына мұз салынған немесе салқын суға малынған орамал қойған жөн.
-Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады; сусынды - тұзды салқын суды, салқын шайды,жеміс қайнатпасын көбірек ішкен дұрыс.
-Ыстық ұрған адамның тыныс алуын күшейту үшін салқын суға малынған сүлгімен немесе орамалмен жағынан шапалақтап ұрады, мүсәтір спиртін искетеді, оттегін жұтқызады, денесін ысқылайды.
-Егер тыныс алуы қиындай түссе, қолдан дем алдыру керек.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96