Дүниежүзілік ЖИТС алдын алу күніжыл сайын әлем бойынша 1 желтоқсанда атап өтіледі. Алматы қаласының №4 Қалалық емханасы мектептер мен ЖОО-да...
Дүниежүзілік ЖИТС алдын алу күніжыл сайын әлем бойынша 1 желтоқсанда атап өтіледі. Алматы қаласының №4 Қалалық емханасы мектептер мен ЖОО-да салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
ЖИТС күресу күнінің қарсаңында СӨС кабинетінің дәрігері Б.А.Құрмамбаева, СӨС кабинетінің қызметкері Ж.Ж.Ешназарова, психологтар Ш.Абдуқадыр және Д.Толеуханова ЖИТС алдын алу жөнінде 6,7 және 8 сынып оқушылары арасында дәріс өткізді. Сондай-ақ, аталған ауру туралы 2 бейнеролик көрсетілді. Оның ішінде мектеп оқушыларына ақпараттық буклеттер таратылды. Дәріс аяқталғанда оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап берді.