№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) 2020 жыл - мейірбикелер және акушеркалар жылы деп жариялады

Таныс болыңыздар! Сембаева Аяулым Курмангалиевна - біліктілік санаты жоғары мейірбике. Алматы қаласы №4 Қалалық емхана қызмет көрсететін №72 жалпы білім беретін мектепте 10 жылдан аса жұмыс істейді.

«Мен бала кезімнен осы мамандыққа қызығушылық танытып, таңдадым. Мектепте санитариялық сектор жұмысына белсене қатыстым, мектептегі балалар дәрігері сияқты болдым»- деп еске алады өзі. «Мектеп мейірбикесі болу дегеніміз – балаларды жақсы көру, мейірімді, мұқият, сезімтал болу, күйзеліске қарсы тұратындай мінез болу керек. Өз жұмысымды жақсы көремін, күнделікті баламен жұмыс істеу ұнайды.

Үзіліс кезінде медициналық көмек алуға 6-8 оқушы келеді. Әртүрлі жағдайлар болады. Жедел көмек көрсетемін: біреуге қан кетуді тоқтату керек, сынық кезінде таңу жасау, соғып алған кезде салқындатушы компресс қажет болады. Мұғалімдер де қаралады, қан қысымын өлшейміз, дене қызуы көтерілсе, бас ауруы кезінде көмек көрсетеміз. Кейде жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жібереміз.

Профилактикалық жұмысқа баса назар аударамыз, саламатты өмір салты, гигиена сақтау туралы, туберкулез, қызылша, т.б. аурулар туралы дәрістер өткіземіз. Сонымен қатар екпе жасаймыз, оның нәтижесін аймақтық дәрігерге хабарлаймыз, бастапқы тексеруді жүргіземіз. Ата-аналарға баланың денсаулығын бақылау қажеттігін үнемі айтып отырамын, қандай да бір ауру болса ерте анықтаған аса маңызды.

Ата-аналармен телефон арқылы тікелей байланыста боламын. Күнделікті ас мәзірін дайындауға қатысамын, тамақтың сапасын, санитариялық және температуралық тәртіптің сақталуын қадағалаймын» - дейді Аяулым Курмангалиевна.
Міне, №4 Қалалық емханада осындай тамаша жан қызмет атқарады. Құрметті Аяулым Курмангалиевна, Сізге денсаулық, еңбекте табыс тілейміз!

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96