№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) 2020 жыл

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) 2020 жыл - мейірбикелер және акушеркалар жылы деп жариялады

Бибинур Убайтовна Бикмуханбетова - біліктілік санаты жоғары мейірбике, Алматы қаласы №4 Қалалық емхана қызмет көрсететін №139 мектеп- гимназияда 27 жылдан аса жұмыс істейді.
Қалалық медицина училищесін бітірген соң еңбек жолын жедел жәрдем ауруханасында бастаған. Сол кезден бастап бүгінгі күнге дейін өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеп келеді. «Мен бала кезімде анам жиі ауыратын, өзім де көп ауыратынмын. Сол кезде менде медицина қызметкері болсам деген арман пайда болды. Өскен кезде туыстарымды емдеп, көмект көрсетемін деп шештім. Кішкентай кезімде бізді емдейтін терапевт дәрігер қатты ұнайтын, осы да арманыма жетуге жетеледі. Ол өте мейірімді адам еді. Ақ халатты сол адамның бейнесі әлі көз алдымда».

«Балалар – біздің болашағымыз. Олардың денсаулығы мен көңіл-күйі бізге байланысты. Біз әр балаға мұқият қарауымыз керек. Егер олар өздерін нашар сезінсі, алғашқы көмек көрсетеміз – дәрі береміз, дене қызуын, қан қысымын өлшейміз, мұрыны қанаса қанын тоқтатамыз, жарақаттарын таңамыз. Міндетті түрде мұғалімдерге хабарлаймыз, ата-анасын шақыртамыз, қажет болса жедел жәрдем шақырамыз. Сонымен қатар жарақат алған кезде, созылмалы аурулар асқынған кезде, жедел жағдайларда педагог мамандарға да көмек көрсетеміз. Аурудың алдын алу мақсатында көп жұмыс жасаймыз, балаларға қолды жиі жуу керектігін айтып отырамыз, мұғалімдерді, балалар мен олардың ата-аналарын дұрыс және ұтымды тамақтану негіздеріне, ауыз қуысы гигиенасын сақтауға үйретеміз, сонымен қатар мектеп асханасында дайын тағамдардың сапасын тексереміз.

Емхана дәрігерлерімен бірлесіп оқушыларды профилактикалық тексеруден өткіземіз. Қазіргі кезде аллергиясы бар балалар саны көбейді. Сондықтан ата-аналармен тамақтану туралы әңгіме жүргіземіз, дер кезінде аллерголог дәрігерге қаралуға кеңес береміз. Мұғалімдермен тығыз жұмыс істейміз. Олар баланың денсаулығы, қандай-да бір өзгерістер болса бәрін біліп отырады және соған баса назар аударады», - дейді Бибинур Убайтовна.
Міне, №4 Қалалық емханада осындай керемет жан жұмыс істейді. Құрметті Бибинур Убайтовна, Сізге зор денсаулық, еңбегіңізге табыс тілейміз!

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96