Отбасын жоспарлау мектебінде "Босануға дайындық" атты сабақ өтті, сабақты №4ҚЕ акушер-гинеколог дәрігері Ж.Бекишева өткізді.
Сабақ барысында дәрігер жүктілік кезінде өзін жайлы сезіну үшін және босануға сенімді болып келу үшін болашақ ана білуі тиісті жағдайлар туралы айтты. Сабақта теориялық біліммен қатар, тәжірибелік дағдылар да айтылады. Болашақ аналар жүктіліктің кезеңдері туралы білетін болады.
Назар аударыңыздар! Әр сәрсенбі күні сағат 12.00-де №14 бөлмеде акушер-гинеколог дәрігер Сіздер үшін "Кереметті күтеміз", "Емшекпен емізу", "Жүктілік кезіндегі мазасыздық белгілері және босану кезіндегі тыныс алу" сияқты тақырыптарда тегін вебинарлар өткізеді.
Сіздерді күтеміз!