№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

"БМСК үздік практика орталығы"

"БМСК үздік практика орталығы"

Алматы қаласы №4 Қалалық емханада «Primary Health Care» Ұлттық Ассоциациясы Басқармасының төрағасы Р.А.Абзалованың қатысуымен "БМСК үздік практика орталығы" туралы семинар өтті. Семинарға қала бойынша бес емхананың медицина қызметкерлері қатысты. Мұндай орталықтарды құрудағы негізгі мақсат - халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, пациенттерге сапалы және жедел көмек көрсету, алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды қолдану, мамандардың кәсіптік дағдыларын жетілдіру.
"Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың басты бағыттарының бірі - дүниежүзілік тәжірибеге негізделген үздік практика орталықтарын дамыту. Отбасылық принцип маңызды болып отыр. Біріншілік медициналық-санитариялық көмектің үздік практика орталықтары медициналық көмектің сапасы мен қолжетімдігіне бағытталған. Отбасылық дәрігер, патронаждық мейірбике, әлеуметтік қызметкер, психолог, акушерка және басқа да мамандардан тұратын мультидисциплинарлық топтың рөлі үлкен. Яғни, осындай топтарды құру пациенттке толық және кешенді көмек көрсетуге әсерін тигізеді",- дейді Р.Абзалова.
Семинарда мейірбикелердің кәсіптік мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың және оның отбасының қажеттігі бойынша денсаулық сақтау қызметтерінің интеграциясы, халықтың медициналық сауатын көтеру, ауруды емдеу және профилактика процессіне, жобалар мен әлеуметтік бағдарламалар дайындауға қатыстыру сұрақтары да қаралды. БМСК үздік практика орталығының жұмысы туралы бейнефильм көрсетілді.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96