№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

"Біз әрқашан Сендермен біргеміз!" қайырымдылық акциясы

Балалар үйінің тәрбиеленушілері ата-аналарынан айырылған немесе ата-аналарының қарауынсыз қалған, сондай-ақ мемлекет тарапынан қолдау мен көмек алуға мұқтаж балалар болып табылатыны бәрімізге мәлім. Емхана дәрігерлері жылына екі рет балалар үйінің балалары мен жасөспірімдеріне профилактикалық тексерулер жүргізеді. Денсаулығында өзгерістер анықталған балалар бірден диспансерлік есепке алынады және бір жыл ішінде сауықтырылады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері ата-аналарынан айырылған немесе ата-аналарының қарауынсыз қалған, сондай-ақ мемлекет тарапынан қолдау мен көмек алуға мұқтаж балалар болып табылатыны бәрімізге мәлім. Емхана дәрігерлері жылына екі рет балалар үйінің балалары мен жасөспірімдеріне профилактикалық тексерулер жүргізеді. Денсаулығында өзгерістер анықталған балалар бірден диспансерлік есепке алынады және бір жыл ішінде сауықтырылады. Алматы қаласының №1 Балалар үйінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Сапа айлығының» шеңберінде ШЖҚ «№4 Қалалық емханасы» МКК психологтары, әлеуметтік қызметкерлері, мамандары, педиатрлары «Біз әрқашан Сендермен біргеміз!» ұранымен қайырымдылық акциясын өткізді. Педиатрия бөлімшесі Алматы қаласының №1 Балалар үйінде мұндай шараны бірінші жыл өткізіп тұрған жоқ. Мұндай көмектер әсіресе мереке күндері жиі көрсетіледі. «Балауса» тобының балаларына сөйлеу қабілетін және математикалық ойлау қабілетін дамытатын материалдар, жөргектер (подгузники) берілді. Бұл акцияның негізгі мақсаты – балаларға олар жалғыз емес екендігін, сондай-ақ дәрігерлер мен басқа да мамандар оларға әрдайым қол ұшын беруге дайын екендігін естеріне салу болып табылады.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96