Біздің әлеуметтік қызметкерлер өз жұмыстарын жалғастыруда, диспансерлік есепте тұрған науқастарға, кәрі адамдарға, зейнеткерлерге үйлеріне дәрі апарып береді.
"Күніне 8-ден астам пәтерге барамын, қауіпсіздік ережелерін сақтаймын, бетперде, қолғап киемін, антисептик пайдаланамын. Науқастар ризашылық білдіреді. Қажет болған жағдайда емханаға алып келемін. Оларға жанашырлық, қиын кездерде қолдау қажет. Аз уақыт болса да сөйлесудің өзі оларға үлкен қуаныш сыйлайды. Бізді, әлеуметтік қызметкерлерді күтіп отырады, біз пациенттерге қажетпіз, соны сезінудің өзі бір ғанибет. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, себебі адамдарға көмектесе аламын" - дейді әлеуметтік қызметкер Малика Рахматулла.
Малика сияқты біздің жас мамандар күн сайын науқастарға көмектеседі, қажетті дәрілерін жеткізіп береді, психологиялық қолдау көрсетеді және әрқашан көмек беруге дайын.