Ел болашағы ең алдымен, дені сау, көзі ашық және жаны таза ұлттан басталады. Жас ұрпақ – Қазақстанның болашағы. Жастарымыздың денсаулығы мықты болғанын бәріміз қалаймыз. Салауатты өмір салтын ұстану жастар арасында өте дәріпті, алайда барлығы адамның өзіне, өзінің денсаулығына, болашағына қалай қарайтынына байланысты.
Ел болашағы ең алдымен, дені сау, көзі ашық және жаны таза ұлттан басталады.
Жас ұрпақ – Қазақстанның болашағы. Жастарымыздың денсаулығы мықты болғанын бәріміз қалаймыз. Салауатты өмір салтын ұстану жастар арасында өте дәріпті, алайда барлығы адамның өзіне, өзінің денсаулығына, болашағына қалай қарайтынына байланысты.
«Сапа айлығы» іс-шараларын орындау үшін 2016 жылғы 09 желтоқсанда қызмет көрсету аумағындағы мектепке дейінгі балалар мекемелері мен орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары арасында (№113 МДБМ, №68 ОМ) ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК жалпы практика дәрігерлері «Біз дені сау ұрпақ үшін!» атты семинар-тренингін өткізді. Семинар-тренинг барысында дұрыс тамақтану тиімділігі, дене шынықтырудың адамның жалпы ағзасына, оның ішінде жастардың оқу қабілетіне тигізетін пайдасы талқыланды, сонымен қатар, дұрыс тамақтану бойынша ақпараттық-ағарту материалдары таратылды. Дәрігерлер балалардың дұрыс тамақтануы, фаст-фудтың зияны жөнінде түсінік беріп, балаларды ас ішер алдында қолдарын дұрыс жууға үйретті.