№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Балаға екпе жасау немесе жасамау!

Болашақ аналарға екпе мәселесі бойынша өз баласына жүкті кезінде ойланған маңызды, өйткені бұл дилемма бала дүниеге келгеннен бастап болашақ ата-аналардың алдында міндетті түрде туындауы мүмкін. Екпе жасау немесе жасамау...


Болашақ аналарға екпе мәселесі бойынша өз баласына жүкті кезінде ойланған маңызды, өйткені бұл дилемма бала дүниеге келгеннен бастап болашақ ата-аналардың алдында міндетті түрде туындауы мүмкін. Екпе жасау немесе жасамау — барлық ата-аналар белсенді түрде талқыға салатын өте өзекті тақырып. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы екпе егу халық үшін міндетті болып табылады, өйткені екпелер егілетін адамның мүддесі үшін ғана емес, бүкіл қоғамда қоздырғыштардың айналымын тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК әйелдер кеңесінің акушер-гинекологтары болашақ аналардың хабардар болуын арттыру мақсатында 2016 жылғы 06 желтоқсанда болашақ аналарға жаңа туған нәрестелерді және балаларды вакцинациялауда дұрыс таңдау жасауға көмектесу мақсатында «Вакцинацияға дайындау» тақырыбында семинар өткізді. Себебі, бұл шараға сәбидің денсаулығы тәуелді. Акушер-гинекологтар баланы босанғаннан кейінгі кезеңде вакцинацияның маңыздылығы туралы айтып түсіндірді. Соңғы уақытта болашақ ата-аналар үшін жаңа туған нәрестелеріне перзентханада екпе жасату өте көп мәселелерді тудыруда. Кейбір ерлі-зайыптылар балаларына екпе жасаудан түбегейлі бас тартып жатады. Алайда, дәрігерлер екпе егудің қажеттілігін талап етуде. Перзентханада нәрестені шығарар алдында екі: туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы екпе жасайды.

Туберкулезге қарсы екпе. Туберкулез – микобактериялардың көптеген түрлерімен қозатын, кең тараған жұқпалы ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әр секунд сайын туберкулезді бір адам жұқтырады және жыл сайын осы аурудан әлемде 2 миллион адам көз жұмады. Туберкулез адамның қандай жағдайда өмір сүретініне қарамастан, барлығын зақымдайды. Бұл өте жұқпалы ауру, негізінен ол ауа-тамшы жолымен жұғады, одан кейін әр түрлі органдарды зақымдайды, сондай-ақ адам терісі арқылы да беріледі. Өкінішке орай, микобактерияны жұқтыру үшін жұқтырылған адаммен тікелей қарым-қатынаста болу талап етілмейді. Сондықтан, перзентханадан шығарғаннан кейін жұқтырудың алдын алу үшін дәрігерлер балаға вакцинацияны перзентханада алуға болатынын қатаң ескертуде. Микобактерияға иммунитетті жоқ бала тәуекел аймағында болады. Сол үшін БЦЖ-дан бас тартар бұрын бірнеше рет ойланған жөн. Жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін үшінші күні вакцинациялау жүргізіледі. Вакцинаны сол жақ иық бетінің тері ішіне енгізеді. Вакцинадан кейін бірден бұл жерде ақ түсті іріңсіз бөртпе (папула) пайда болады, ол шамамен 20 минуттан соң көрінбей кетеді. Вакцинация жасалған жерде екі-үш ай көлемінде диаметрі 1 мм-ден аспайтын кішкене тығыздық пайда болады, ол бала жасына толғанға дейін тыртық болып түпкілікті жазылып кетеді.

Семинардың негізгі мақсаты - болашақ аналарды екпеге дайындау болып табылады, бұл халықтың денсаулығын сақтау тиімділігіне, халықтың профилактикалық бағдары арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Барлығын қалай дұрыс істеу керек? Баланың денсаулығына қалай зиян келтірмеу және оны қорғауы керек? Балаларға қандай екпе жасату керек және олар не үшін керек?

Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға хабардар болуын арттыру үшін болашақ аналарға вакцинацияның рөлі жайлы ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.

Бұл ата-аналарға екпе егу мәселелесі бойынша білікті маманнан объективті ақпарат алуға және өз отбасының денсаулығы үшін дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96