Сапа айлығының шеңберінде 2016 жылғы 28 қарашада ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да емхананың және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ отбасы медицинасы және терапия кафедрасының бейінді мамандарының қатысуымен «Қант диабетімен күресу» атты ашық есік күні...
Сапа айлығының шеңберінде 2016 жылғы 28 қарашада ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да емхананың және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ отбасы медицинасы және терапия кафедрасының бейінді мамандарының қатысуымен «Қант диабетімен күресу» атты ашық есік күні өткізілді. Консультациялық-диагностикалық қабылдаулар жүргізілді, тасымалдауға келмейтін пациенттердің үйлеріне консультациялық-диагностикалық қызметтер ұйымдастырылды. Артериалдық қысым, көзішілік қысым өлшенді, ЭКГ зерттеу жүргізілді және экспресс әдіспен қандағы қант және холестерин мөлшері анықталды. Акцияға қатысушылар қант диабетінің алдын алу бойынша ақпараттық-ағарту материалдарын алды.