Алматы қаласының №4 Қалалық емханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ашық есік күндері өткізілді. Пациенттерге жалпы практика дәрігері, терапевт және педиатр, офтальмолог, хирург, невропатолог, оториноларинголог, дерматолог, кардиолог, эндокринолог және т.б. сияқты мамандар кеңес берді. Профилактика бөлімшесінде антропометрия жүргізілді, артериалдық және көз ішілік қысым өлшенді...
Алматы қаласының №4 Қалалық емханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ашық есік күндері өткізілді. Пациенттерге жалпы практика дәрігері, терапевт және педиатр, офтальмолог, хирург, невропатолог, оториноларинголог, дерматолог, кардиолог, эндокринолог және т.б. сияқты мамандар кеңес берді.
Профилактика бөлімшесінде антропометрия жүргізілді, артериалдық және көз ішілік қысым өлшенді, экспресс әдіспен глюкоза және холестерин деңгейі анықталды, ЭКГ, маммография өткізілді. Сонымен қатар, СӨС кабинетінің мамандары пациенттерге салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұсыныстар берді. Медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар тартылды.