Қарттар күні аясында 4 Қалалық емхананың медицина қызметкерлері кәрі адамдардың үйлеріне барып, тексеруден өткізеді. Әлеуметтік қызметкерлер диспансерлік есепте тұратын наукастарға, кәрі адамдарға, зейнеткерлердің үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізіп береді.
Қарттар күнін өткізудің мақсаты - қоғамның назарын қарт адамдар мәселесіне аудару, сондай-ақ кәрі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндігін қарастыру.
"Бәріміз бірлесіп күш салсақ қарттардың өмір сүру жасын ұзартып, толыққанды жайлы жағдайда күн кешуін қамтамасыз ете аламыз. Біздің міндетіміз- сапалы медициналық қызмет көрсету"-дейді медиктер.